Академиялық ұтқырлық бағдарламасы үшін сертификат бере отырып ағылшын тілінің деңгейін анықтау бойынша тестілеу

Үздіксіз білім беру институті Халықаралық ынтымақтастық департаментімен бірлесіп, ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын ЕҰУ сертификатын алу үшін онлайн-тестілеуге өтінімдер қабылдайды.

Бұл сертификат дербес қаржыландырумен академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде, сондай-ақ «ENU Students Ambassador» ішінара қаржыландыру бағдарламасы үшін жарамды (бағдарлама шетелге офлайн форматта жіберілген кезде іске асырылатын болады).

Тестілеуден өту үшін өтінімдер келесі сілтеме https://forms.gle/uMEVwXccE88z4HH86 2023 жылдың 22 қыркүйекке сағат 12.00-ге дейін қабылданады.

 

Тестілеу online форматында екі кезеңде жүргізіледі:

Бірінші кезең-лексика-грамматикалық тест (50 сұрақ, 2 нұсқадан 1 нұсқаны таңдау) және тыңдау (20 сұрақ, 2 нұсқадан 1 нұсқаны таңдау) 2023 жылғы 25 қыркүйекте Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін moodle.enu.kz оқыту платформасында өтеді, онда грамматикадан да және тыңдау бойынша да 60% ұпайдан жоғары жинау қажет.

Тестілеудің жалпы уақыты-1,5 сағат.

 

Екінші кезең-әңгімелесу (speaking) бірінші кезеңнің нәтижелері бойынша шекті мәннен төмен емес баға алған білім алушыларға рұқсат етіледі. Әңгімелесуді комиссия Microsoft Teams платформасында 2023 жылғы 27-28 қыркүйекте өткізіледі (өткізу уақыты қосымша хабарланатын болады).

 

* Тестілеу күндері өзгерген кезде білім алушыларға электрондық пошта арқылы хабарланады.

 

Тестілеуге тестілеу үшін ақы төлеген және келесі құжаттарды электрондық ipk.enu.2022@gmail.com мекенжайға 2023 жылғы 22 қыркүйекте сағат 12.00-ге дейін жіберген адамдар жіберіледі.

1) төлем туралы түбіртектің көшірмесі;

2)онлайн-тестілеуді өткізу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт (шарт)

3) жеке тұлғаның немесе паспорттың көшірмесі

 

Тестілеу қорытындысы бойынша сертификат беріледі (қолданылу мерзімі 2 жыл).

 

Тестілеу құны — 15 000 теңге.

 

Төлемді KASPI қосымшасы арқылы төлей аласыз  (Kaspi арқылы төлеу алгоритмі)

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Барлық хабарландырулар электрондық пошта арқылы жіберіледі, сондықтан тіркеу формасында ағымдағы электрондық пошта мекенжайларын және ағымдағы ұялы телефон нөмірлерін көрсетіңіз.

Барлық тестілеу сұрақтары бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 8 700 197 50 27, 8 7172 709 522, ішкі 31-237

Тестілеу ағылшын тілінің сертификаты жоқ студенттер үшін өткізіледі, өйткені өзін-өзі қаржыландыратын құжаттарға, «ENU Students Ambassador» бағдарламасына және басқа да халықаралық бағдарламаларға қойылатын талап ағылшын тілін B2 деңгейінен кем емес деңгейде растау болып табылады.

B2-ден төмен балл жинаған студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатыса алмайды.