
Бейресми білім берудің қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқыту
Институт ересектерге олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында білім беру қызметтерін ұсынады.
Қосымша білім беру қызметтерін университеттің білім алушыларына да, бөгде адамдарға да көрсету мүмкіндігі қарастырылған.
Бейресми білім беру бағдарламасы бойынша өтініш беру рәсімі келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
1) білім алушы факультет деканының атына өтініш береді, онда пәндердің атауы, Smart ENU платформасы арқылы әрбір пән бойынша кредиттер саны көрсетіледі;
2) декан өтінішті қабылдайды және оны Smart ENU платформасында мақұлдайды;
3) Офис-тіркеуші факультет деканының келісімі негізінде бес жұмыс күні ішінде пәндердің атауын, әрбір пән бойынша кредиттердің рұқсат етілген шекті санын салыстырады және Smart ENU платформасында мақұлдайды;
4) білім алушы факультет деканы мен офис-тіркеушінің мақұлдауына сәйкес, өз өтінішіне оң жауап берген кезде ақылы білім беру қызметін көрсету және оқытуды ұйымдастыру туралы шарт жасасу мақсатында Институтқа жүгінеді.
Университет білім алушыларына білім беру қызметтерін көрсету рәсімі білім алушының сабақтан бос уақытындағы жүктемесін ескере отырып білім беру бағдарламасына сәйкес мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
- оқу жоспарынан тыс бейресми білім беру бағдарламасын оқығысы келетін адам оқу жылы ішінде факультет деканына өтініш береді (Қосымша 1). Білім алушыға кез келген оқу кезеңінде, оның ішінде демалыс уақытында да пәндерді игеруге рұқсат етіледі;
- тиісті кәсіптік оқу бағдарламасына қажетті пререквизиттерді меңгергісі келетін білім алушы университетке қабылданған күннен бастап үш күн ішінде факультет деканына өтінішпен жүгінеді (Қосымша 2). Пререквизиттерді игеру мерзімі - білім алушы университетке қабылданған күннен бастап бір ай;
- академиялық қарызды, академиялық айырмашылықты немесе оқу жоспарындағы айырмашылықты жойғысы келетін білім алушы оқу жылы ішінде (қысқы демалыс кезеңін қоса алғанда) немесе жазғы семестрде (Қосымша 3) бейресми білім беру бағдарламаларын зерделеуге мүмкіндігі бар. Әр кезеңде 20 (жиырма) академиялық кредиттен артық емес игеруге жол беріледі. Академиялық берешекті жою мерзімі - оқу жылының соңғы семестрінің басынан кешіктірілмеуі тиіс;
- бейресми білім беру бағдарламаларын қайта зерделеу есебінен үлгерімнің орташа балын (GРA) көтергісі келетін адам жазғы семестрге жазудың белгіленген мерзімінен кешіктірмей көктемгі емтихан аяқталғаннан кейін факультет деканына өтініш береді (Қосымша 4). Жазғы каникул кезеңінде – маусым-шілде және шілде-тамыз айларында 20-дан (жиырма) аспайтын академиялық кредиттерді игеруге жол беріледі. Курс бағдарламаларының ұзақтығы 6 (алты) апта (240 сағат).
