
Тіл деңгейін анықтауға арналған тестілеу
ЕҰУ сертификатының иегері атаныңыз - академиялық ұтқырлық бағдарламаларына жол ашыңыз
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Үздіксіз білім беру институты ағылшын және басқа да шет тілдерін білу деңгейін растайтын сертификат алу үшін тестілеу жүргізеді. Бұл сертификат өзін-өзі қаржыландыратын академиялық ұтқырлық бағдарламаларына, сондай-ақ «ENU Students Ambassador» ішінара қаржыландыру бағдарламасына қатысу үшін қажет.
ЕҰУ сертификаты не береді?
- Академиялық ұтқырлық - халықаралық студенттермен алмасу бағдарламаларына қатысу.
- Дербес қаржыландыру - шетелде оқуға арналған конкурстар үшін тіл деңгейін растау.
- «ENU Students Ambassador» бағдарламасы - оқу немесе ғылыми жұмыс үшін ішінара қаржыландыру алу мүмкіндігі.
Тестілеуді өткізу тәртібі
Тестілеу академиялық ұтқырлық конкурстарына және басқа да білім беру бағдарламаларына қатысу үшін ағылшын және басқа да шет тілдерін меңгеру деңгейін растау үшін жүргізіледі.
Тестілеу тіліне байланысты бағалаудың келесі кезеңдері анықталады:
1) тыңдау;
2) лексика-грамматикалық тест;
3) әңгімелесу;
4) мәтінді аудару;
5) жазбаша тапсырма;
6) оқу.
Тестілеу білімді жан-жақты талдау және үміткерлердің дайындық деңгейін объективті анықтау мақсатында өткізіледі. Талаптардың ең төменгі деңгейі халықаралық стандарттарға сәйкес B2-ден төмен емес.
Тестілеу үшін платформаға жүктелетін тест тапсырмаларының базасы жасалады https://moodle.enu.kz/.
Тестілеу қандай мерзімде өтеді?
- Тестілеуді өткізу мерзімдерін Халықаралық ынтымақтастық департаменті белгілейді.
- Өтінімдерді қабылдауды бастау туралы хабарландыру институт пен университеттің сайтында, сондай-ақ біздің әлеуметтік желілерде (Facebook: https://www.facebook.com/share/1AGYry2eC6/?mibextid=wwXIfr; Instagram: https://www.instagram.com/ino_enu/profilecard/?igsh=MXEwaTF4czY1emthMA==) - жаңалықтарды жіберіп алмаңыз!
Тестілеуге қалай жазылуға болады?
- Google Forms арқылы тестілеуге қатысуға өтініш беріңіз (сілтеме хабарландыруда көрсетіледі).
- Дайындық және тестілеу бойынша нұсқаулық алыңыз.
- Сынақтан өтіп, жаңа мүмкіндіктерге есік ашатын сертификатыңызды алыңыз!
Өтінімдерді беру тәртібі:
- Тестілеуді өткізу туралы хабарландыру университеттің барлық ақпараттық платформаларында жарияланады (университеттің, институттың ресми сайты, «Platonus», және департаменттің Instagram парақшасында, Институтың Facebook парақшасында).
- Хабарландыруда өтінімдерді беру мерзімі, қатысу шарттары, қажетті құжаттардың тізбесі және тестілеуді өткізу тәртібі көрсетіледі.
Тестілеуге қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды тапсырады:
- Белгіленген нысанға сәйкес қатысуға өтінім.
- Толтырылған және қол қойылған шарт.
- Төлем туралы түбіртек/чек.
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Өтінімдерді өңдегеннен және құжаттарды тексергеннен кейін үміткерлерді тестілеуге қабылдау университет ректорының бұйрығымен ресімделеді.
Тестілеудің бірінші кезеңі:
Хабарландыруда белгіленген уақытта сәйкес https://moodle.enu.kz/ платформасында өтеді. Қажетті балл жинаған үміткерлер екінші кезеңге - комиссия өткізетін әңгімелесуге жіберіледі.
Әңгімелесу өткізу:
- Жіберілген кандидаттардың жалпы санын ескере отырып, әңгімелесу кестесі жасалады.
- Бір үміткерге 3-тен 10 минутқа дейін уақыт бөлінеді.
- Әңгімелесу қорытындысы бойынша комиссия тілді меңгеру деңгейін (B2, C1, C2) беру туралы шешім қабылдайды.
Қорытынды нәтижелер:
Тестілеу және әңгімелесу нәтижелері бойынша барлық кезеңдерден сәтті өткен үміткерлер университет сертификатын алады.
Апелляция қарастырылмаған - тестілеу және әңгімелесу нәтижелері шағымдануға немесе қайта қарауға жатпайды.
Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!
Халықаралық бағдарламаларға қатысуға дайын болу және академиялық мансабыңызға қолдау алу үшін алдын ала жазылыңыз.
