
Педагогикалық қайта даярлау
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ КУРСЫНА ТІРКЕЛУ
Оқыту формасы – ОНЛАЙН.
Оқу мерзімі – 4 ай.
Педагогикалық қайта даярлау курсы – педагогикалық білімі жоқ және тиісті салада мұғалім ретінде кәсіптік жұмысын алғаш рет бастайтын кәсіби білімі бар тұлғаларға арналған курстар.
Педагогикалық қайта даярлау курстарының мазмұны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы бұйрығымен бекітілген Педагогикалық кадрларды қайта даярлау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады және 40 кредитті құрайды.
Білім беру бағдарламалары:
- Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау.
- Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау.
- Шетел тілі мұғалімдерін даярлау.
- Математика мұғалімдерін дайындау.
- Физика мұғалімдерін дайындау.
- Информатика мұғалімдерін дайындау.
- География мұғалімдерін дайындау.
- Педагогика және психология.
Курсқа түсушілер келесі құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
4) 3x4 сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет;
5) 075 нысыныңдағы медициналық анықтама.
Тыңдаушылар тобы қабылданғаннан кейін курс басталады.
Педагогикалық қайта даярлау курстары ақылы негізде жүргізіледі.
Оқу ақысы прейскурантта көрсетілген (https://ino.enu.kz/kz/page/about-the-institute/price-list-of-services)
Курс аяқтаған кейін сертификат беріледі.
Толық ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: 8 7172 709 522; ішкі: 31243. Моб. тел. +7 747 688 2159.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Қ.Сәтбаев көшесі, 2, бас ғимарат, 239-кабинет.
