
Құрметті бейінді магистратураны бітірген түлектер! Бейінді магистратураны бітірген тұлғаларға арналған педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламасы бойынша оқуға шақырамыз.
Бейінді магистратураны бітірген тұлғаларға арналған педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламасының мазмұны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі No 2 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (36-тармақ) сәйкес іске асырылады.
Педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламасын аяқтау ғылыми-педагогикалық қызметке, сондай-ақ PhD докторантурасына түсуге құқық береді.
Оқыту онлайн режимінде жүргізіледі.
Педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламасы бойынша оқуға үміткер тұлғалар келесі құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттың көшірмесі.
Курс тыңдаушылар тобы қабылданғаннан кейін сабақтар басталады.
Оқу ақысы:
топ құрмай (жеке) – 1 010 000 теңге;
бір мамандық бойынша 2 адамнан тұратын топта – 600 000 теңге;
бір мамандық бойынша 3 адамнан тұратын топта – 415 000 теңге.
Оқу аяқталғаннан кейін күәлік беріледі.
Толық ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: 8 7172 709 522; ішкі: 31243. Моб. тел. +7 747 688 2159.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Қ.Сәтбаев көшесі, 2, бас ғимарат, 239-кабинет.
