
Бекітілген Білім беру бағдарламалары
Бұл бетте Үздіксіз білім беру институтының Қазақстан Республикасының Білім Министрлігі бекіткен, ғылыми-әдістемелік сараптамадан өткен және білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылған білім беру бағдарламалары;
сондай-ақ Ұлттық жоғары білім беруді дамыту орталығының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламалары орналастырылған.
Бағдарламалар педагогтердің біліктілігін арттыру курстарына арналған және Мемлекеттік стандарттардың өзекті талаптарын ескере отырып әзірленген. Олар мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге, сондай-ақ оқытудың заманауи тәсілдері мен технологияларын енгізуге бағытталған тақырыптардың кең спектрін қамтиды.
Материалдар модульдердің құрылымдық мазмұнын, оқу мақсаттарының, міндеттерінің және күтілетін нәтижелерінің сипаттамасын, сондай-ақ сабақтарды өткізу әдістемесі мен нәтижелерді бағалау бойынша ұсыныстарды қамтиды.
Жаңартуларды бақылап отырыңыз - бағдарламалардың тізімі жаңа ББ бекітілген кезде толықтырылады.
Қашықтықтан және бетпе — бет оқыту мүмкіндіктері, сондай-ақ курстарға жазылу туралы қосымша ақпарат алу үшін - ҮББИ хабарласыңыз немесе сайттағы кері байланыс нысанын пайдаланыңыз.
