
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстанның әлеуметтік қызметкерлерін оқытудың үшінші ағымы аяқталды

2026 жылғы 22-29 мамыр аралығында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарының ауқымды бағдарламасының үшінші ағымы сәтті аяқталды. Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысы бойынша Үздіксіз білім беру институты іске асырды.
Оқытуға Қазақстанның түрлі өңірлерінен 85 әлеуметтік сала мамандары қатысты. Оқыту әлеуметтік сала мамандарының кәсіби қызметіне қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, әлеуметтану кафедрасы әзірлеген қайта даярлау мен біліктілікті арттырудың жаңартылған бағдарламалары бойынша жүргізілді.
Оқыту барысында тыңдаушылар клиентті дамытудың жеке жоспарын әзірлеу, кәсіби сұхбат жүргізу, әлеуметтік қызмет алушылардың мүддесі үшін ведомствоаралық өзара іс-әрекетті ұйымдастыру алгоритмдерін игерді және еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі әріптестерімен кәсіби тәжірибе алмасты.
Оқыту қорытындысы бойынша қатысушылар әлеуметтік көмекті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері туралы білімдерін кеңейтті, кәсіби коммуникация және клиенттерді сүйемелдеу дағдыларын нығайтты, сондай-ақ күнделікті жұмысында қолдануға арналған практикалық құралдарды алды.
