Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университенің
профессоры, п.ғ.к, Жумабекова Ф.Н
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 1.09.2022 жылғы «Қазақстан халқына жолдауы әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» — атты жолдауының үшінші бағдарында: «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция: мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек. Алайда бізде екіден алты жасқа дейінгі балалардың жартысынан астамы ғана балабақшаға барады. Мұндай олқылыққа жол беруге болмайды. Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет. Оған қоса, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту керек. Осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптар бекітілуге тиіс. Олардың жұмыс жүктемесін де біртіндеп азайтқан жөн. Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады. Сондықтан балабақшаны емес, тәрбиешіні аттестациялау қажет — деп атап көрсетті.
Үкімет көңіл бөліп отырған бұл маңызды мәселені шешу мақсатында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттың университетінің Кәсіби және үздіксіз білім беру мектебінің ұйымдастыруымен 23.09-26.11.2022 аралығында «Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарын кәсіби қайта даярлау» курсы онлайн және офлайн түрінде өткізілді. Курсқа Астана, Алматы, Атырау қалаларының тәрбиеші педагогтары қатысты.
2022-2023 оқу жылындағы «Баланы ерте дамыту» институтының мәліметтеріне сүйенсек: республика бойынша 11 093 мектепке дейінгі ұйымдарда 63 584 жоғары білімі бар педагогтар жұмыс жасайтын болса олардың 32 427 (жоғары білімі жоқ), техникалық және кәсіптік білімі бар – 30 604 педагогтар қызмет етеді.
Астана қаласы бойынша барлығы: 4 650 тәрбиеші, 3 398 (жоғары білімі бар), 1252 (жоғары білімі жоқ), техникалық және кәсіптік білімі бар – 1106 мамандар қызмет етеді екен. Сондай-ақ, тәрбиешілердің жиі ауысатын тұрақсыздығын да ескеріп осы курсты жиі өткізуді көздеп отырмыз.
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда қызмет жасап жатқан тәрбиешілер басқа пән мұғалімдері (қазақ тілі, әдебиет, математика, физика, тарих бастауыш сынып мұғалімдері) болғандықтан мектепке дейінгі жас ерекшелігін және жаңа форматтағы әдістемесін жетілдіру мақсатында оларды қайта даярлау курсынан өткізу қажет. Бұл курста педагогикалық ұжымның қазіргі кезеңдегі кездесіп отырған кедергілерді жою, заттық дамытушы ортаны жабдықтау және балалар іс-әрекетін ойын түрінде ұйымдастырудың тиімді жолдарын үйренеді. Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі елеулі, тың өзгерістерге бейімделу және тәрбиеші педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамытуға ықпал етеді.
Оқу үдерісін ұйымдастыруда педагогикалық кадрларды қайта даярлау курсында дәрістер онлайн, тәжірибелік жұмыстар офлайн түрінде сенбі күндері университет базасында шеберлік сағаты форматында жүргізілді. Әрбір дәріс материалдары электрондық нұсқада берілді. Тәжірибелік жұмыстарда таратпа материалдар ұсынылды. Курсқа мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеші педагогтары мен әдіскерлері (арнайы білімі жоқ педагогтар) қатысып, қазіргі кезеңдегі жаңаша өзгерістер туралы толық ақпараттар алды. Курс барысында шолу дәрістер, диалог-дәрістер, семинарлар, мультимедиялық презентациялар, тренингтер, коучинг, пікір талас, тәжірибе бөлісу, шеберлік сабақтары, тыңдаушылардың бақылау жұмыстары, дөңгелек үстел, кейс технологиясы пайдаланылды.
Бүгінгі таңда тәрбиеші-педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруде жаңаша өзгерістерге сәйкес қайта даярлауда балабақшаның оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімді жолдарымен таныстырылды. Мектеп жасына дейінгі балаларды заманауи жағдайларда оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану арқылы мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының кәсіби құзыреттілігін арттыруға басымдық берілді.
Курс тыңдаушыларына мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесіндегі төмендегідей жаңаша өзгерістер таныстырылды.
Біріншіден, төмендегі нормативтік құқықтық құжаттардың: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі» 2021 жылғы 15 наурыздағы № 137. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары. 2022. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды даярлық сыныптарында 2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хат. 2022ж. 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 «Педагог қызметкерлер лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамалары», 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 «Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережелері мен шарттары» бойынша мазмұндық өзгерістеріне талдау жасалды.
Екіншіден, мектепке дейінгі баланың даму ерекшеліктері, педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамыту жолдары. Мектепке дейінгі ұйым педагогінің коммуникативті дағдылары, қарым-қатынас мәдениеті, іс- әрекетті жоспарлау. Мектепке дейінгі ұйым педагогінің жобалау шеберлігі. «Нүктелі даму» пилоттық жобасы жұмысын ұйымдастыруда №95 «Алматы» балабақшасы Педагогика кафедрасының зертханасы болғандықтан тәжірибелік жұмыстарды тыңдаушылары өз ойларын ортаға салды және осы мамандықтың 2 курс студенттері де қатысып жаңалықтармен танысты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін жүзеге асыру негізінде педагогтің өзін-өзі дамытуына басымдық беру жолдары тәжірибеде дәйекті дәлелденді.
Үшіншіден, мектепке дейінгі тәрбиенің көкейкесті мәселелері, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерін кәсіби қайта даярлауда кәсіби даму ұғымы. Мектепке дейінгі білім беруге заманауи көзқарас. Педагогтің кәсіби қызметтегі этикасы, имиджі мен тәрбиешінің жеке басына қойылатын талаптарға жан-жақты талдау жасалды. Перспективтік жоспар, циклограмма жазудың жаңаша бағыттары мен интерактивті формалары мен әдістері қарастырылып, тыңдаушылар өз тәжірибелерінде жүзеге асырып, байқау жасап көрді.
Төртіншіден, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы өзгерістер және оның сапасын қамтамасыз етуде балабақшадағы коллабартивтік ортадағы креативтілікті, коммуникативті қарым-қатнас жасау дағдыларын дамытуға көңіл бөлінді. Мектепке дейінгі топтарға заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыруды бейне жазбалар, слайдтар арқылы және балабақша тәжірибесінен көрді. Баланың іс-әрекеттері ұйымдастырудағы педагогтің рөлі мен балабақшадағы ойын іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары. Ойын арқылы балалар іс-әрекетін ұйымдастырудың ерекшеліктері, оңаша ойнау ортасы. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын ойын іс-әрекетінде пайдаланудың тиімді әдістері. Тәрбиеші-педагогтердің зерттеу мәдениетін қалыптастыру. Балабақша базасында тәжірибелік іс-әрекеттер ұйымдастыру. Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық технологиялардың түрлері және оны тәжірибеге енгізу жолдары көрсетілді.
Бесіншіден, мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналармен тәрбие жұмысы, ата-аналар мектебі. Ата-аналарға кеңес берудің заманауи үлгісі. Тәрбиеші педагог пен балалар, ата-аналар, әріптестер арасындағы қарым-қатынас. Мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналармен тәрбие жұмысы, ата-аналар комитеті, ата-аналар мектебін қалыптастыру жолдары. Ата-аналарға кеңес берудің тиімді жолдары түсіндірілді. Балаларды әлеуметтендіру, балалардың әлеуметтенуіне жағдай жасау, балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғау мәселесінде тәжірибе бөлісті.
Алтыншыдан, тәрбиеші педагогтердің заттық-кеңістіктік дамытушы ортадағы баланың іс-әрекеттерін (ойындық, шығармашылық, коммуникативті, еңбек) ұйымдастырудағы педагогтің рөлі. Баланың іс-әрекеттерін талдау. Жеке, жұппен, шағын топпен іс-әрекетке бағыттау, әрекет түрлерін таңдау мүмкіндігі. Іс-әрекеттерде серіктес таңдауы да маңызды мәселе екеніне көз жеткіздік.
Жетіншіден, мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологиялардың түрлері. Инновацияны тәжірибеге енгізу жолдары. Тәрбиеші-педагогтердің зерттеу мәдениетін қалыптастыру. Мектепке дейінгі ұйымның күнделікті жұмысындағы педагогтің ғылыми-зерттеу әрекеті. Зерттеу нәтижесі бойынша баланың жеке даму картасын толтыру. Балабақша базасында өздері іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы ойларын ортаға салып, жан-жақты талдау жасап, тәжірибеде пайдалану мүмкіндіктерін қарастырды.
Сегізіншіден, кәсіби біліктілікті арттыру және құзіреттілікті дамытуда тәрбиеші педагогтарды аттестациядан өтуге қойлатын талаптар. Біліктілік тестке дайындық. Озық іс-тәжірибе насихаттау жолдары. Іс тәжірибені негіздеу үлгісі. Оқу әдістемелік көмекші құралдар дайындау. Мақала жазу. Эссе жазу. Оқу-әдістемелік қызмет, оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау. Нәтижелерді талдау арқылы педагогикалық іс-әрекетті жобалау мәселелері ұсынылды. Авторлық бағдарлама және оқу әдістемелік көмекші құралдар дайындаудың құрылымы мен мазмұны. Қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда балалардың шығармашылығын дамытуға басымдық берілді.
Тоғызыншыдан, балабақшадағы ойын іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары, қазақ этнопедагогикасы материалдарын әлі қолданып көрмеген: қаламақтар, тәжікелесу, қызықтамалар, сұрамақтар т.б. оқу іс-әрекетінде пайдаланудың тиімді әдістері көретілді. Мектепке дейінгі ұйымдарда медиа-ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру. Тыңдаушылардың тәжірибесімен бөлісу, балабақшалардағы вариативтік оқу жоспарларымен танысу. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беруді мониторинг жасау жолдары. Диагностикалық, түзету жұмыстары түсіндірілді. Мектепке дейінгі ұйым педагогінің портфолиосын дайындауға нақты бағыт берілді. Өздік жұмыс барысында тыңдаушылар мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекеттерін жоспарлауды, іс-әрекет түрлерін ұйымдастыруды және талдауды қамтитын жеке тапсырмаларды орындады.
Курсты қорытындылау мақсатында пікір алысу, тәжірибе алмасуда ой қорыту, қандай идеялар маңызды болды, өзіне қандай пайдалы тәжірибе жинақтады, есеп беруде слайд презентация арқылы қорғады. Курс мазмұны бойынша кейс жасап, портфолио жинақтады. Курстан не үйренгені туралы эссе жазу арқылы өз ойларын түйіндеді. Әр күнде «Үш сұрақ», «Идеялар себеті», «ПОПС формуласы», «Шынымды айтсам…» т.б. формада қорытындыланды.
Курсты аяқтағаннан кейін де тыңдаушылар: мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің сапасын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасайды. Тәрбиелеу мен білім беруде кәсіби құзыреттіліктерін дамытады, мектепке дейінгі ұйымда балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру дағдыларын меңгереді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың міндеттерін шешу үшін қалыптасқан құзыреттілікті қолдануға дайындығын көрсетеді. Сондай-ақ, біліктілікті арттыру курсынан алған білімдері мен дағдыларын білім беру ұйымдарында педагогикалық тәжірибеде қолдануда педагогтерге әдістемелік бағытта жеке және ұжымдық кеңес беріледі, қолдау көрсетіледі.
Курстан кейінгі әдістемелік қолдау университетінің профессор, оқытушылар құрамының курстан кейінгі кезеңде педагогке ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсетуіне бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар, іс-шаралар өткізіледі.
Курстан кейінгі қолдаудың формалары мен әдістері ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға байланысты барлық өзгерістер туралы педагогтарды әдістемелік қолдау және уақтылы хабардар ету үшін:
— әр түрлі байланыс құралдары: электрондық пошта, әлеуметтік медиа мессенджерлері (Facebook, WhatsApp), Google қызметтері (Duo, Hangouts) ;
— қалалық, аймақтық, республикалық мектепке дейінгі ұйымдары педагогтерінің желілік әдістемелік бірлестігі болады;
— курс тақырыбы бойынша электрондық материалдар (әдістемелік құралдар, тірек материалдар, интернет-дереккөздердің сілтемелері және т. б.) болады;
— педагогикалық басылымдарға мақалалар жарияланады;
— мектепке дейінгі ұйымдарға сұраныстары бойынша кеңес, шығармашылық дәрістер ұйымдастырылады;
— авторлық, үлестік, вариативтік бағдарламалар дайындауға бағыт беріледі, пікір жазылады;
— мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шығармашылық ойындардың электрондық картотекасын әзірлеуге кеңес беріледі (білім беру саласы, таңдауға болатын жас тобы);
— мектепке дейінгі топтың, ұйымның пәндік-кеңістіктік дамыту ортасының сапасын бағалауға қолдау көрсетіліп, әдістемелік бағытта нұсқау беріледі;
Тыңдаушылар пікіріне зер салатын болсақ: әр күнгі дәрістен кейін таратпа материалдар пошта арқылы жіберілді. Біз үшін «Мектепке дейінгі педагогика» және «Мектепке дейінгі психология», «Өнер көзі халықта», «Қағазбен жұмыс», «Қазақ этнопедагогикасы-тәрбие бастауы» оқулық пен оқу құралдарының электрондық нұсқаларының ұсынылуы теориялық білімді тереңдетуде өте құнды еңбектер болды. Курс барысында өте көп тың ақпараттар алдық, ең қызықты болған тақырыптар: «жаңа тың өзгерістердің мазмұны, мақсаты, әдістері мен формаларын тәжірибеде пайдаланудың тиімді жолдары», «тәрбиеші-педагогтердің зерттеу мәдениетін қалыптастыру», «мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологиялардың түрлері және оны тәжірибеге енгізу», 35-дан астам жаңа инновациялық технологиялардың түрлерімен танысып, жүзеге асыру жолдарын қарастырдық, заттық дамытушылық ортаны жабдықтау, іс-әрекет түрлерін ұйымдастырудың жаңаша формасы, «менің шығармашылық тақырыбым», «аттестацияға дайындық», «әдістемелік әзірлемелер дайындау» т.б. 27.10.2022 күні Фатима Ниязбекқызының бастамасымен Астана қаласының №95«Алматы» балабақшасында «Өсу нүктесі» құзыреттілік орталықтарында өткізілген семинар–практикумның пайдасы өте мол болды. Семинар барысында әр жас топтарына кіріп, тәжірибелі тәрбиеші педагогтердің жұмыстарымен таныстық. Дәріс барысында айтылған теорияны, тәжірибеде көру мен үшін өте қызықты болды-деп атап өткен екен өз пікірлерінде. Топтардағы заттық-кеңістіктік дамытушы ортаның ұйымдастырылуы, тәрбиешілердің инновациялық озық технологиялардың қолданылуы, кітап бұрышының ұйымдастырылуы, ізгілік педагогикасының негізінде құрылған тәжірибелік жұмыстарды ерекше атап өтуге тұрарлық болды. Сондай-ақ, 5.11.2022 күні Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ бас ғимаратында бейнелеу өнеріне байланысты шығармашылық бағыттағы шеберлік сағаты өтті. Қағазбен жұмыс жасау, сурет, мүсіндеу іс-әрекеті бойынша дәстүрлі және дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді Фатима Ниязбекқызы өзі жасап көрсетіп, өзіміз бірге отырып жасау арқылы шеберлігімізді шыңдадық. Ол өзінің курс тыңдаушыларымен қарым-қатынасы, сөз сөйлеуі, кәсіби саланың майталман маманы екендігімен тәнті етті. Курс бойынша алған ақпараттарымызды өз тәжірибемізде қолданып, жаңашылдықпен өзгерістерге сәйкес қолдануға бағыт алдық деп толықтай айта аламыз – деп ой түйіндейді тыңдаушылар қауымы.
Қысқа уақыт аралығында мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша көптеген жаңа ақпараттар мен бөлісіп, өмірлік азық, сарқылмас білім берген тәлімгеріміз Фатима Ниязбекқызына, курсты ұйымдастырушы университет әкімшілігіне, институт директоры Әсем Серікқызына, Рауза Байдрахманқызына шексіз ризашылығымыз бен ерекше алғысымызды білдіреміз.