«Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерін кәсіби қайта даярлау» курсы

 

Талқылау күні: 27.09.2022

Талқылаудың аяқталу мерзімі: 12.10.2022

Кері байланыс: ipk_enu@mail.ru

 

 Жоба

 

«Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерін кәсіби қайта даярлау» курсының

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 

  1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі білім беруді дамыту бойынша жүйелі іс-шаралар кешені жүргізілуде. «Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерін кәсіби қайта даярлау» курсы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында нормативтік құқықтық – құжаттардағы өзгерістерді ескере отырып педагогтердің қайта даярлауды іске асыруға ықпал ететін олардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған.

  1. Глоссарий 

Кәсіби қайта даярлау— бұл белгілі бір салада қосымша біліктілік немесе кәсіби қызмет алу үшін жаңа құзыреттерді қалыптастыру және арнайы білімдерді меңгеру.

Кәсіби құзыреттілік – оқу-тәрбие процесіндегі педагогикалық міндеттерді білікті шеше алу қабілеттілігі мен қызметті табысты іске асыруға қажетті кәсіби және жеке қасиеттердің жиынтығы

Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау -ғылыми-техникалық ілгерілеудің, экономикалық дамудың, өндірістің құрылымдық өзгерістерінің және әлеуметтік салалардың талаптарына байланысты бұрын алған немесе жаңа кәсіптік білімдері мен дағдыларын тереңдету мақсатында, сонымен қатар кәсіптік дайындығын арттыру бойынша азаматтардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру

Білім сапасы дегеніміз – мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе мектеп бітірушінің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік.

Сапалы білім беру дегеніміз— ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, практикалық іске қабілетті, еңбекке баулу, дүниетанымын кеңейту және баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жан-жақты тұлға тәрбиелеу болып табылады.

Педагогтің құзіреттілігі – бұл психологиялық-педагогикалық білім, білік, дағды және педагогикалық қызметке деген жеке қатынасының жиынтығы.

Педагог – тиісті бейіндер бойынша педагогикалық және (немесе) кәсіптік білімі бар, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және (немесе) тәрбиелеу, оның ішінде қосымша білім беруді ұйымдастыру және (немесе) білім беру қызметін ұйымдастыру және (немесе) әдістемелік қамтамасыз ету бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ кәсіптік стандартта көрсетілген біліктілік талаптарына сай келетін тұлға;

Процесс сапасы – мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтердің балалардың даму үдерісін ұйымдастыруы, педагог пен балалар арасындағы маңызды өзара байланысы, күнделікті практикада күтім мен білім берудің бірлігі, балаға достық ниет және баланың қажеттіліктерін ескеру, әр баланың отбасымен коммуникативтік өзара қарым-қатынас жасау, ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтердің күнделікті практикасына тарту.

Құзыреттілік – білім деңгейі мен атқаратын қызметке жеке қарым-қатынасы, мотивтері мен құндылық бағдары мен кәсіби функцияны сәтті орындауға мүмкіндік беретін жеке қасиеттерін қамтитын тәжірибесі.

Құзыреттер – белгілі бір саладағы іс-әрекетті тиімді және өнімді орындауға мүмкіндік беретін білім, білік, тұлғалық қасиеттер, тәжірибе жүйесінде көрінетін білімнің нәтижесі.

Заттық-кеңістіктік дамушы орта – бұл мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық, эмоционалдық, әлеуметтік және интеллектуалдық дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жүйесі.

Құрылымдық сапа – мектепке дейінгі ұйым жұмысын ұйымдастыру, ішкі заттық-кеңістіктің ұйымдастырылуы, педагогтердің білім мен кәсіби деңгейі, жоспар (ұйымдастырылатын іс-әрекеттің перспективалық жоспары, оқу-тәрбие жұмысының циклограммасы, баланың жеке даму картасы), қаржыландыру, балалар санының педагогтер санына қатынасы, балалардың жеке ерекшеліктерін ескеру, балалардың қауіпсіздік жағдайы, аккредиттеу немесе аттестация;

Нәтиже сапасы – балалардың, отбасылардың, қоғамның белгілі бір мектепке дейінгі ұйымнан алатын пайдасы, нәтиженің балалардың әл-ауқатына әсер етуі, балалардың эмоционалдық, адамгершілік, психикалық, психологиялық салауаттылығы мен дамуының, әлеуметтік дағдыларының өлшемі, балалардың алдынғы өмірге дайындығы, денсаулығы және олардың мектепке дайындығы. 

  1. Бағдарламаның тақырыптары
модульдер мазмұны
  1. Модуль

Мектепке дейінгі ұйымдарда нормативтік

құқықтық құжаттардағы өзгерістер

 

1.1 Нормативтік құқықтық актілермен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен қағидаттары:

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы ;

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ;

2017 жылғы 8 маусымдағы № 133 «Педагог» кәсіби стандарты

1.2 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі» 2021 жылғы 15 наурыздағы № 137;

2018 жылғы 31 қазандағы № 604 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары 2020 жылғы 12 мамырдағы № 195;

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы 12 тамыз 2016 ж.

 

1.3 «Мектепке дейінгі ұйымдар мен балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59;

2018 жылғы 30 қазандағы № 595 «Тиісті үлгідегі және үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары».

1.4 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 «Педагог қызметкерлер лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамалары».

2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 «Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережелері мен шарттары».

1.5. Кәсіби стандарт; Мектепке дейінгі ұйым педагогтің кәсіби құзыреттілік шеңбері; Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы теориялық және қолданбалы білімдер; Заңдылықтар;

1.6. Педагогикалық іс-әрекетте балалардың  қызығушылықтарын есепке алу; Педагогикалық тәсілдемелер, жаңа технологиялар мен ресурстар.

1.7.Перспективтік жоспар, циклограммам жазудың жаңаша бағыттары.

1.8.Модуль бойынша тест – 1 сағат
2. Модуль

Психологиялық-педагогикалық модуль

Педагогтерді кәсіби қайта даярлау мәселесі.

 

 

2.1 Мектепке дейінгі тәрбиенің көкейкесті мәселелері. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерін кәсіби қайта даярлауда кәсіби даму ұғымы. Мектепке дейінгі білім беруге заманауи көзқарас.

2.2.Педагогтің кәсіби қызметтегі этикасы. Тәрбиешінің жеке басына қойылатын талаптар. Имидж. Мектепке дейінгі ұйым педагогінің күнделікті жұмысындағы педагогтің кәсіби құзіреттілігін дамыту жолдары.

2.3.Тәрбиешінің кәсіби құзіреттілігі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін жүзеге асыру аясында мектепке дейінгі ұйымның заманауи педагогі. Мектепке дейінгі баланың даму ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері.

2.4. Мектепке дейінгі балалардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін зерттеу. Авторлық бағдарламаны тәжірибелік байқаудан өткізу. (педагогикалық эксперимент).
2.5. Мектепке дейінгі ұйым педагогінің коммуникативті дағдылары. Мектепке дейінгі ұйым педагогінің басқару стилі. Балалармен қарым-қатынас мәдениеті, іс- әрекеттерін жоспарлау.
2.6. Мектепке дейінгі ұйым педагогінің жобалау шеберлігі. «Нүктелі даму» жобасы жұмысын ұйымдастыру; Баланың қызығушылығы мен сұранысын ескере отырып  балалар әрекеттерін ұйымдастыру. Нәтижелерді талдау арқылы педагогикалық іс-әрекетті жобалау.
2.модуль бойынша қорытырды.

 Практикумдер (өзіндік жұмыс);

3. Модуль

Мектепке дейінгі ұйымның білім беру мазмұнындағы өзгерістер және оның сапасын қамтамасыз ету

 

 

 

3.1 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыру жолдары. Балабақшадағы білім беру үрдісінде креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті және командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
3.2. Тәрбиеші педагогтердің  қолданбалы біліктері. Мектепке дейінгі топтарға заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыру. Баланың іс-әрекеттері (ойындық, шығармашылық, коммуникативті, еңбек) ұйымдастырудағы педагогтің рөлі. Баланың іс-әрекеттерін талдау. Жеке, жұппен, шағын топпен іс-әрекетке бағыттау, әрекет түрлерін таңдау мүмкіндігі. Іс-әрекеттерде серіктес таңдауы.
3.3.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін жүзеге асыру негізінде педагогтің өзін-өзі дамытуы.
3.4. Мектепке дейінгі ұйым педагогінің басқару стилі Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды пайдалану.

Инновацияны тәжірибеге енгізу жолдары.

3.5. Тәрбиеші-педагогтердің зерттеу мәдениетін қалыптастыру. Мектепке дейінгі ұйымдағы күнделікті жұмысындағы педагогтің ғылыми-зерттеу әрекеті. Зерттеу нәтижесі бойынша баланың жеке даму картасын толтыру.  Балабақша базасында тәжірибелік іс-әрекеттер  ұйымдастыру.
  3.6. Тәрбиеші педагог пен балалар, ата-аналар, әріптестер арасындағы қарым-қатынас. Мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналармен тәрбие жұмысы; ата-аналар комитеті, ата-аналар мектебін қалыптастыру жолдары.  Ата-аналарға кеңес. Балаларды әлеуметтендіру; балалардың әлеуметтенуіне жағдай жасау. Балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғау.
  Модуль бойынша тест – 1 сағат
4 модуль. Кәсіби біліктілікті арттыру және құзіреттілікті дамыту жолдары 4.1.Озық іс-тәжірибе насихаттау жолдары. Іс тәжірибені негіздеу үлгісі.

4.2.Оқу әдістемелік көмекші құралдар дайындау.

4.3. Мақала жазу. Эссе жазуды үйрену.

4.5.Тәрбиеші педагогтарды аттестациядан өтуге қойлатын талаптар.

4.6.Оқу-әдістемелік қызмет, оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау.

4.6.Нәтижелерді талдау арқылы педагогикалық іс-әрекетті жобалау

Құжаттарды жіберу

5 модуль Таңдау бойынша іс-әрекеттік 5.1.«Балабақшадағы ойын іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары».

5.2.Қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу іс-әрекетінде пайдаланудың тиімді әдістері.

5.3. Мектепке дейінгі ұйымдарда медиа-ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру.

5.4.Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беруді мониторинг жасау жолдары. Диагностикалық, түзету жұмыстары. Мектепке дейінгі ұйым педагогінің портфолиосы

6 модуль. Қорытынды нәтижелік 6.1. Пікір алысу, тәжірибе алмасу. Эссе жазу.

6.2. Курс бойынша не алды, ой қорыту, есеп беру, слайд презентация арқылы қорғау.

Сынақ             Курстан мен үйрендім

  Барлығы

 4.Курстың мақсаты мен міндеттері және күтілетін нәтижелері 

Курстың мақсаты: тәрбиеші-педагогтердің кәсіби құзіреттілігін жетілдіру, жаңаша өзгерістерге сәйкес қайта даярлау, балабақшаның оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімді жолдарымен таныстыру.

Курстың міндеттері:

  • мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеші педагогтерін қайта даярлау арқылы кәсіби құзіреттілігін жетілдіру;
  • балабақшаның оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру;
  • мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын инновациялық технологиялармен таныстыру және оны тәжірибеде қолдануға бағыт беру;
  • оқу іс-әрекеттерін жаңа технологиялар негізінде ұйымдастырудың жолдарын түсіндіру. 
  1. Бағдарламаның құрылым мен мазмұны

Бағдарлама 6 модульден тұрады:

1- Мектепке дейінгі ұйымдарда нормативтік құқықтық құжаттардағы өзгерістер модулі.

2 Психологиялық-педагогикалық модуль.   

3 — Мазмұндық-әдістемелік  және кәсіби құзіреттілікті арттыру модулі

4 — Мектепке дейінгі ұйымның білім беру мазмұнындағы өзгерістер және оның сапасын қамтамасыз ету модулі

5 — таңдау бойынша іс-әрекеттік  модуль

6 — қорытынды нәтижелік модуль

  1. Оқу процессін ұйымдастыру 

Тыңдаушылар санаты: мектепке дейінгі білім беру ұйымдардың тәрбиеші педагогтары мен әдіскелері

Сабақтың түрлері: Дәрістер, диалог-дәрістер, семинарлар, мультимедиялық презентацияларды пайдаланған дәрістер, тренингтер, практика, шеберлік сабақтары, тыңдаушылардың бақылау жұмыстары, дөңгелек үстел.

Оқыту әдістері: ой толғаныс; практикалық талдау; шағын топтағы жұмыстар; шығармашылық жұмыс; дискуссия; проблемалық оқыту;  ұжымдық оқыту.

Оқу процессін ұйымдастыру:

  1. Күндізгі оқу режимінде курстың оқу-тақырыптық жоспарына (бұдан әрі – ОТЖ) сәйкес күндізгі оқу. Оқыту курстарының ұзақтығы 108 сағатты құрайды. (дәрістер онлайн, тәжірибелік жұмыстар офлайн түрінде)
  2. Осы бағдарламаға курстың оқу-тақырыптық жоспарына сәйкес онлайн оқыту уақыты: Нормативтік-құқықтық модуль -10 сағат. Психологиялық-Педагогикалық модуль — 16. Мазмұндық модуль – 28. Кәсіби құзіреттілікті арттыру модуль – 28. Таңдау бойынша іс-әрекеттік модуль – 16. Қорытынды нәтижелік модуль-10.

Білім беру процесін күндізгі және онлайн режимде ұйымдастыру кезінде  тыңдаушылардың білімін бақылау және бағалау мақсатында: нормативтік-құқықтық актілер бойынша тестілеу, тәжірибе (практиканы) өз бетінше орындау және Үлгілік оқу бағдарламасы  негізінде авторлық, балам, үлестік және бейімделген дамыту бағдарламаларын әзірлеу бойынша өздік жұмысы, тәжірибелік жұмыстар, жоба қорғау жүргізіледі. Тест тапсырмалары, практикум (өзіндік жұмыстар), жобалау жұмыстарының тақырыптары курстың оқу-әдістемелік кешеніне (бұдан әрі – ОӘК) енгізілген.

Тыңдаушылардың жеке құзыреттілігінің қалыптасу, профессорлық-оқытушылық құрамның кәсіби және деңгейін анықтау үшін курстың ОӘК-не кіретін бағдарлама мазмұнын игеру өлшемдері мен бағалау өлшемдері әзірленеді. 

7.Бағдарламаны оқу әдістемелік қамтамасыз ет 

  1. Модуль. Мектепке дейінгі ұйымдарда нормативтік құқықтық құжаттардағы өзгерістер

Бұл модуль бойынша тыңдаушылар нормативтік-құқықтық құжаттардағы өзгерістермен және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен қағидалары. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру контекстінде тәрбие-білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен «Педагог» кәсіби стандартының талаптарының қолданбалы мүмкіндіктері. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасындағы өзгерістер мен толықтырулар.

  Модуль бойынша күтілетін нәтижелер:

  1. Мектепке дейінгі ұйымдарда нормативтік құқықтық құжаттардағы өзгерістерді талдау жасайды, тәжірибеде пайдалануға дағдыланады.
  2. «Педагог» кәсіби стандартының талаптарын орындаудың тәжірибедегі қолданбалы мүмкіндіктерін пайдалану дағдылары қалыптасады.
  3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асырудың басым бағыттары айқындалады.
  4. Нормативтік құжаттармен жұмыс жасауда өзгерістерге сәйкес іс-әрекетті ұйымдастыруды жоспарлауға бағыт-бағдар алады. 

  2 Модуль. Психологиялық-педагогикалық модуль.  

Бұл модуль бойынша тыңдаушылар мектепке дейінгі тәрбиенің көкейкесті мәселелерімен, педагогтерін кәсіби қайта даярлауда кәсіби даму ұғымы. Мектепке дейінгі білім беруге заманауи көзқарас және педагогтің кәсіби қызметтегі этикасы, тәрбиешінің жеке басына қойылатын талаптар. Педагогтің күнделікті жұмысындағы кәсіби құзіреттілігін дамыту және оны жүзеге асыру жолдары. Мектепке дейінгі баланың даму ерекшеліктерін ескере отырып іс-әрекетке бағыттау. Авторлық бағдарламалар әзірлеу. Балалармен қарым-қатынас мәдениетін, іс-әрекеттерін жоспарлаудағы жаңашыл бағыттар.

Модуль бойынша күтілетін нәтижелер

  1. Педагогтерін кәсіби қайта даярлауда кәсіби даму ұғымымен танысады және мектепке дейінгі білім беруге заманауи көзқарас қалыптасады.
  2. Педагогтің күнделікті жұмысындағы кәсіби құзіреттілігін дамыту және оны жүзеге асыру жолдары қарастырылады.
  3. Мектепке дейінгі баланың даму ерекшеліктерін ескере отырып іс-әрекетті жоспарлаудағы жаңашыл бағыттарды анықтайды.
  4. Авторлық бағдарламалар әзірлеуді үйренеді және оны тәжірибелік байқаудан өткізеді. (педагогикалық эксперимент). 

  3 Модуль. Мазмұндық-әдістемелік  және кәсіби құзіреттілікті арттыру модулі

Бұл модуль бойынша тыңдаушылар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыру жолдары. Мектепке дейінгі топтарға заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны жаңаша бағытта жабдықтау. Баланың іс-әрекеттерін ұйымдастырудағы педагогтің рөлі. Баланың іс-әрекеттерінің түрлері, тиімді әдістері. Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды тәжірибеге енгізу жолдары. Тәрбиеші-педагогтердің зерттеу мәдениетін қалыптастыру. Мектепке дейінгі ұйымдағы күнделікті жұмысындағы педагогтің ғылыми-зерттеу әрекеті. Зерттеу нәтижесі бойынша баланың жеке даму картасы.  Балабақша базасында тәжірибелік іс-әрекеттер. Тәрбиеші педагог пен балалар, ата-аналар, әріптестер арасындағы қарым-қатынас. Мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналармен жұмыс, ата-аналар комитеті, ата-аналар мектебін қалыптастыру.  Ата-аналарға кеңес.

Модуль бойынша күтілетін нәтижелер

  1. Мектепке дейінгі топтарға заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны жаңаша бағытта жабдықтауды үйренеді.
  2. Баланың іс-әрекеттерін ұйымдастырудағы іс-әрекеттерінің түрлері, тиімді әдістерін меңгереді.
  3. Педагогтар мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды тәжірибеге енгізуді және зерттеу мәдениетін қалыптастыруды үйренеді.
  4. Тәрбиешілер мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналармен жұмыс, ата-аналар комитеті, ата-аналар мектебін қалыптастырудың жаңа бағыттармен танысады. 

4 Модуль. Мектепке дейінгі ұйымның білім беру мазмұнындағы өзгерістер және оның сапасын қамтамасыз ету

Бұл модуль бойынша тыңдаушылар озық іс-тәжірибе насихаттау жолдары. Іс тәжірибені негіздеу үлгісі. Оқу әдістемелік көмекші құралдар дайындау. Мақала жазу. Эссе жазу. Тәрбиеші педагогтарды аттестациядан өтуге қойлатын талаптар. Оқу-әдістемелік қызмет, оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау. Нәтижелерді талдау арқылы педагогикалық іс-әрекетті жобалау

Модуль бойынша күтілетін нәтижелер

  1. Озық іс-тәжірибе насихаттау жолдарымен танысады, негіздеме, әдістемелік көмекші құралдар, мақала, эссе жазуды үйренеді.
  2. Тәрбиеші педагогтар аттестациядан өтуге қойлатын талаптарды орындайды, оқу-тәрбие жұмысын жаңаша бағытта жоспарлауды үйренеді.
  3. Өз тәжірибесі негізінде оқу әдістемелік көмекші құралдар дайындаудың тиімді жолдарымен танысады.

5 Модуль. Таңдау бойынша іс-әрекеттік 

Бұл модуль бойынша тыңдаушылар Қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу іс-әрекетінде пайдаланудың тиімді әдістері. «Балабақшадағы ойын іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары». Мектепке дейінгі ұйымдарда медиа-ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беруді мониторинг жасау жолдары. Диагностикалық, түзету жұмыстары. Мектепке дейінгі ұйым педагогінің портфолиосы. Мектепке дейінгі ұйым педагогінің кәсіби құзыреттілігін өзін-өзі бағалау.

Модуль бойынша күтілетін нәтижелер

  1. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу іс-әрекетінде пайдаланудың тиімді әдістерін меңгереді.
  2. Балабақшадағы ойын іс-әрекетін ұйымдастыру жолдарымен тансады.
  3. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беруді мониторинг жасау жолдарымен танысады.
  4. Диагностикалық, түзету жұмыстарымен танысады, педагогтің портфолиосын дайындайды. 

  6 Модуль. Қорытынды нәтижелік модуль

Бұл модулда тыңдаушылар кәсіби сұраныстарын ескере отырып, курс бағдарламасының мазмұнын саралау. Тыңдаушылардың қиындықтары саласындағы мәселелерді талқылау және мәселелерді шешу. Пікір алысу, тәжірибе алмасу. Қорытыны эссе жазу. Курс бойынша не алды, ой қорыту, есеп беру, слайд презентация арқылы қорғау.

Модуль бойынша күтілетін нәтижелер

  1. Арнайы іскерліктерді қолдана алады және кәсіби педагогикалық міндеттерді шешу үшін алған құзыреттерін көрсете алады.
  2. Педагогтар пікір алысады, тәжірибе алмасады.
  3. Қорытыны эссе жазады, есеп береді, слайд презентация жасау арқылы ой қорытындылайды.

 

Күндізгі оқу курсының оқу-тақырыптық жоспары

 Сабақтың тақырыбы Семинар  Балабақаша базасында практикалық сабақ ұйымдастыру Сабақтың презентациясы /

Жобаны қорғау

Тестілеу  Барлығы
1 1.Модуль. Мектепке дейінгі ұйымдарда нормативтік құқықтық құжаттардағы өзгерістер 6 3   1 10
1.1 1.1 Нормативтік құқықтық актілермен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен қағидаттары:

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы ;

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ;

2017 жылғы 8 маусымдағы № 133 «Педагог» кәсіби стандарты

1 1 2
1.2 1.2 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі» 2021 жылғы 15 наурыздағы № 137;

2018 жылғы 31 қазандағы № 604 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары 2020 жылғы 12 мамырдағы № 195;

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы 12 тамыз 2016 ж.

1 1 2
1.3 1.3 «Мектепке дейінгі ұйымдар мен балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59;

2018 жылғы 30 қазандағы № 595 «Тиісті үлгідегі және үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары».

1 1 2
1.4 1.4 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 «Педагог қызметкерлер лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамалары».

2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 «Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережелері мен шарттары».

1 1 2
1.5 1.5. Кәсіби стандарт; Мектепке дейінгі ұйым педагогтің кәсіби құзыреттілік шеңбері; Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы теориялық және қолданбалы білімдер; Заңдылықтар;

1.6. Педагогикалық іс-әрекетте балалардың  қызығушылықтарын есепке алу; Педагогикалық тәсілдемелер, жаңа технологиялар мен ресурстар.

2   2
2 2. Модуль  Психологиялық-педагогикалық модуль 9 5 2 16
2.1 2.1 Мектепке дейінгі тәрбиенің көкейкесті мәселелері. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерін кәсіби қайта даярлауда кәсіби даму ұғымы. Мектепке дейінгі білім беруге заманауи көзқарас.

2.2.Педагогтің кәсіби қызметтегі этикасы. Тәрбиешінің жеке басына қойылатын талаптар. Имидж. Мектепке дейінгі ұйым педагогінің күнделікті жұмысындағы педагогтің кәсіби құзіреттілігін дамыту жолдары.

2.3.Тәрбиешінің кәсіби құзіреттілігі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін жүзеге асыру аясында мектепке дейінгі ұйымның заманауи педагогі. Мектепке дейінгі баланың даму ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері.

2 2 4
2.2 2.4. Мектепке дейінгі балалардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін зерттеу. Авторлық бағдарламаны тәжірибелік байқаудан өткізу. (педагогикалық эксперимент). 1 1 2 4
2.3 2.5. Мектепке дейінгі ұйым педагогінің коммуникативті дағдылары. Мектепке дейінгі ұйым педагогінің басқару стилі. Балалармен қарым-қатынас мәдениеті, іс- әрекеттерін жоспарлау. 1 1 2
2.4 2.6. Мектепке дейінгі ұйым педагогінің жобалау шеберлігі. «Нүктелі даму» жобасы жұмысын ұйымдастыру; Баланың қызығушылығы мен сұранысын ескере отырып  балалар әрекеттерін ұйымдастыру. Нәтижелерді талдау арқылы педагогикалық іс-әрекетті жобалау. Перспективтік жоспар, циклограммам жазудың жаңаша бағыттары. 1 1 2
2.5 2.5. Практикумдар (өзіндік жұмыс); 4 4
3 3.Модуль Мектепке дейінгі ұйымның білім беру мазмұнындағы өзгерістер және оның сапасын қамтамасыз ету 12 5 10 1 28
3.1 3.1 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыру жолдары. Балабақшадағы білім беру үрдісінде креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті және командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту. 2 3 5
3.2 3.2. Тәрбиеші педагогтердің  қолданбалы біліктері. Мектепке дейінгі топтарға заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыру. Баланың іс-әрекеттері (ойындық, шығармашылық, коммуникативті, еңбек) ұйымдастырудағы педагогтің рөлі. Баланың іс-әрекеттерін талдау. Жеке, жұппен, шағын топпен іс-әрекетке бағыттау, әрекет түрлерін таңдау мүмкіндігі. Іс-әрекеттерде серіктес таңдауы. 2 2 1 5
3.3 3.3.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін жүзеге асыру негізінде педагогтің өзін-өзі дамытуы. 2 2 4
  3.4 3.4. Мектепке дейінгі ұйым педагогінің басқару стилі Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды пайдалану.

Инновацияны тәжірибеге енгізу жолдары.

2 2 1 5
  3.5 3.5. Тәрбиеші-педагогтердің зерттеу мәдениетін қалыптастыру. Мектепке дейінгі ұйымдағы күнделікті жұмысындағы педагогтің ғылыми-зерттеу әрекеті. Зерттеу нәтижесі бойынша баланың жеке даму картасын толтыру.  Балабақша базасында тәжірибелік іс-әрекеттер  ұйымдастыру. 2 2 4
3.6 3.6. Тәрбиеші педагог пен балалар, ата-аналар, әріптестер арасындағы қарым-қатынас. Мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналармен тәрбие жұмысы; ата-аналар комитеті, ата-аналар мектебін қалыптастыру жолдары.  Ата-аналарға кеңес. Балаларды әлеуметтендіру; балалардың әлеуметтенуіне жағдай жасау. Балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғау. 2 3 5
4 4 модуль. Кәсіби біліктілікті арттыру және құзіреттілікті дамыту жолдары 12   16   28
4.1 4.1.Озық іс-тәжірибе насихаттау жолдары. Іс тәжірибені негіздеу үлгісі.

4.5.Тәрбиеші педагогтарды аттестациядан өтуге қойлатын талаптар.

4 4 8
4.2  4.2.Оқу әдістемелік көмекші құралдар дайындау. Мақала жазу. Эссе жазуды үйрену. 4 4 8
4.3 4.6. Оқу-әдістемелік қызмет, оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау. 4 2 6
4.4 4.6. Нәтижелерді талдау арқылы педагогикалық іс-әрекетті жобалау

Құжаттарды жіберу

4 2 6
5 Модуль 5. Таңдау бойынша іс-әрекеттік 10   6   16
5.1 5.1.«Балабақшадағы ойын іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары». 2   2   4
5.2 5.2.Қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу іс-әрекетінде пайдаланудың тиімді әдістері. 2   2   4
5.3. 5.3. Мектепке дейінгі ұйымдарда медиа-ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру. 1   1   2
5.4 5.4.Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беруді мониторинг жасау жолдары. Диагностикалық, түзету жұмыстары. Мектепке дейінгі ұйым педагогінің портфолиосы 2 4 4
5.5 5.5.Мектепке дейінгі ұйым педагогінің кәсіби құзыреттілігін өзін-өзі бағалау 1 1 2
6 6 модуль. Қорытынды нәтижелік 10       10
6.1

 

 

6.2.

6.3.

6.1.Тыңдаушылардың сапалы құрамына және олардың кәсіби сұраныстарын ескере отырып, Бағдарлама мазмұнын саралау. Тыңдаушылардың қиындықтары саласындағы мәселелерді талқылау және мәселелерді шешу.

6.2. Пікір алысу, тәжірибе алмасу. Эссе жазу.

6.3. Курс бойынша не алды, ой қорыту, есеп беру, слайд презентация арқылы қорғау.

4

 

4

2

  Барлығы: 59 13 34 2 108
  1. Оқыту нәтижелерін бағалау

Бағдарлама бойынша қорытынды сертификаттар табыс етіледі, жоба қорғау, өзіндік жұмыс, тестілеу түрінде жүзеге асырылады.

Өздік  жұмыс барысында тыңдаушылар ерте және мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекеттерін жоспарлауды, іс-әрекет түрлерін ұйымдастыруды және талдауды қамтитын жеке тапсырмаларды орындайды.

Бақылау жұмысы курс бағдарламасы бойынша ұсынылған материалдар негізінде 15 сұрақтан тұрады. (әр тақырып бойынша  жұмыс барысында қойылып отырады)

Критерий Жетістік деңгейі Бағалау
1-15  12-15 Өте жақсы
Әр дұрыс сұраққа

1 ұпайдан беріледі.

8-11 Жақсы
 4-7 Қанағаттанарлық
0-3 Нашар

Қорытынды тестілеу

Модульдердің атауы Сағат саны Сұрақтар саны
1 Мектепке дейінгі ұйымдарда нормативтік құқықтық құжаттардағы өзгерістер модулі. 10 10
2 Психологиялық-педагогикалық модуль.    16 10
3 Мазмұндық-әдістемелік  және кәсіби құзіреттілікті арттыру модулі

 

28 15
4 Мектепке дейінгі ұйымның білім беру мазмұнындағы өзгерістер және оның сапасын қамтамасыз ету модулі 28 15
5 таңдау бойынша іс-әрекеттік  модуль 16 5
6 қорытынды нәтижелік модуль 10 5
Барлығы 108 60

Баллдарды бағаларға ауыстыру шкаласы

бағалау орындау % көлемі баллдар
5 90%-100% 29-35
4 75-89% 23-28
3 50-74% 15-22
2 50-ден кем% 20 ұпайдан кем

 Курсты аяқтағаннан кейін тыңдаушылар:

       —  мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің сапасын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасайды;

— тәрбиелеу мен білім беруде кәсіби құзіреттіліктерін дамытады, мектепке дейінгі ұйымда балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру дағдыларын меңгереді;

— мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың міндеттерін шешу үшін қалыптасқан құзыреттілікті қолдануға дайындығын көрсетеді. 

  1. Курстан кейінгі әдістемелік қолдау көрсету 

Біліктілікті арттыру курсынан алған білімдері мен дағдыларын білім беру ұйымдарында педагогикалық тәжірибеде қолдануда педагогтерге әдістемелік  бағытта жеке және ұжымдық кеңес беріледі, қолдау көрсетіледі.

Курстан кейінгі әдістемелік қолдау университетінің профессор, оқытушылар құрамының курстан кейінгі кезеңде педагогке атаулы ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсетуіне бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар, іс-шаралар өткізіледі.

Курстан кейінгі қолдаудың формалары мен әдістері

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға байланысты барлық өзгерістер туралы педагогтарды әдістемелік қолдау және уақтылы хабардар ету үшін:

— әр түрлі байланыс құралдары: электрондық пошта, әлеуметтік медиа мессенджерлері (Facebook, WhatsApp), Google қызметтері (Duo, Hangouts) ;

— қалалық, аймақтық, республикалық мектепке дейінгі ұйымдары педагогтерінің желілік әдістемелік бірлестігі.

  1. Курстан кейінгі қолдау ресурстық қамтамасыз ету үшін:

— курс тақырыбы бойынша электрондық материалдар (әдістемелік құралдар, тірек материалдар, интернет-дереккөздердің сілтемелері және т. б.)

— педагогикалық басылымдарға мақалалар жарияланады;

  1. Кәсіби даму траекториясын іске асыру үшін:

— мектепке дейінгі ұйымдарға сұраныстары бойынша кеңес, шығармашылық дәрістер ұйымдастырылады;

— авторлық, үлестік, вариативтік бағдарламалар дайындауға бағыт беріледі, пікір жазылады;

— мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шығармашылық ойындардың электрондық картотекасын бірлесіп әзірлеу (білім беру саласы, таңдауға болатын жас тобы);

— мектепке дейінгі топтың, ұйымның пәндік-кеңістіктік дамыту ортасының сапасын бағалауға қатысу;

  1. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптары өз қызметінде мынадай нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1900000293

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000345_

«Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000306_

«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу

арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000343_

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000137

«Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015893

«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017669

Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200008275

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600014235

Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900018172

Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының нысандары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013227

Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары  https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000077_

Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V090005750_

Жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013272

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015584

Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтау стандарттары және оларға қойылатын талаптар https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900018239

Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020618

Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары  https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020883

Негізгі әдебиеттер

  1. 1. Меңжанова А.К. Мектепке дейінгі педагогика. Алматы.Мектеп. 1992.

2.Жұмабекова Ф.Н.Мектепке дейінгі педагогика. Астана. Фолиант. 2014.

3.Козлова С.А., Куликлва Т.А.Дошкольная педагогика.Москва.Академия. 2002.

  1. Жиенбаева С.Н., Бекмағамбетова Р.К. А.Ж.Сыздықбаева Мектепке дейінгі педагогика//Оқу құралы-Алматы, Аьманах, 2018 – 269

5.А.Ж.Мухамеджанова, А.М.Жубандыкова. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің теориясымын мен әдістемесі. Оқу құралы, Алматы-2018-344 б

  1. А.Ж.Сисенбердиева. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі.-«Экономика» баспасы ЖШС, 2012 ж
  2. Баймұратова Б., Таубаева Ғ.З. Қазақ балалар әдебиеті. Оқу құралы. А: Мектеп баспасы, 2012

8.Ж.А. Рүстемова. Қазақ балалар әдебиеті. Оқулық. А: Эверо, 2018

  1. Ядэшко В.И, Сохина Ф.А. Мектеп жасына дейінгі педагогика. Алматы, Мектеп.1982
  2. Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың ғылыми-әдіснамалық негіздері. Монография. Астана, Сарыарқа баспасы. 2010.- 284 б. 17,7 б.т
  3. Буре Р.С., Островская Л.Ф. Воспитатель и дети.-М.1985.

12.Бондаренко А.К.Дидактические игры в детском саду. – М-1990.

  1. Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. – Алматы: Мектеп, 1976.-3-29 бет
  2. Сакулина.Н.П., Комарова Т.С.Бейнелеу іс-әрекет мен конструкциялауды үйрету методикасы. Алматы Мектеп. 1985

15.Третьяков П. И., Белая К. Ю. Дошкольное образовательное учреждение: управление по результатам. М.: Новая школа, 2003.

  1. Шейн Э. X. Организационная культура и лидерство / Пер. с англ. под ред. В. А. Спивака. — СПб: Питер, 2002. — 336 с: ил. — (Серия «Теория и практика менеджмента»).

17.Игра в жизни дошкольника /Н. В. Нищева.– М.:Детство Пресс, 2020 – 240 с.

Қосымша әдебиеттер

  1. Концепция предшкольного образования. – Алматы,1999.
  2. Н.И.Еременко. Аттестация педагогических и руеководящих работников в образовательном учреждении. Волгоград. 2007.
  3. Т.С.Комарова, О.А.Соломенникова. Педагогическая диагностика развития детей перед поступлением в школу. Яраславль. Академ развития.2006.
  4. Косминская В.А.Балабақшадағы бейнелеу іс-әрекетінің теориясы мен методикасы. Москва. 1995.
  5. Леушина А.М Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі. – Алматы, 1987.
  6. Ветлугина Н.А.Балабақшадағы эстетикалық тәрбие. Москва. 1990.
  7. Белая К.Ю.Методическая работа в дошкольном учреждении. –     М.,Просвещение,1991.
  8. Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі білім беруді жаңғыту жағдайында мамандар даярлаудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Монография. Астана.2014. 300 б.
  9. Кравцов Г.Г., Кравцова Е.Е. Шестилетний ребенок: Психологическая готовность к школе.- М., 1987
  10. Столяр А.А. Формирование элементарных математических представлений у дошкольников. – М., Просвещение, 1988.
  11. Виноградова Н.Ф. Умственное воспитание детей в процесс ознакомления с природой. – М., 1978.
  12. Жұмабекова Ф.Н. Психология (мектепке дейінгі жас кезеңі). Астана. Фолиант.2015.