«Қазақшаны ән арқылы үйренеміз» курсы

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты Өмір бойы оқу тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асыра отырып, егде жастағы адамдарға арналған «Күміс университеті» моделі аясында тегін оқу бағдарламаларын жалғастыруда.

19 сәуір күні Күміс университеті аясында егде жастағы адамдарға арналған «Қазақшаны әр арқылы үйренеміз» курсының алғашқы сабағы өтті. Курс бағдарламасы Филология факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушыларымен дайындалды. Қазақ тілін әр арқылы оқыту үйренушілердің сөздік қорын толықтырудың тамаша жолы екені рас. Бағдарламаға лексикалық қоры бай, нақты тақырыптардағы, кейбір грамматикалық ережелерді де қамтуға мүмкіндік беретін әндеп таңдалып алынған. Оларды «Халық әндері», «Эстрадалық әндер», «Патриотық әндері», «Той әндері», «Романтикалық әндері», «Сүйікті әншілердің әндері» секілді жанрларға бөлуге болады. Бұл жанрлардағы әндердің мәтіндері барынша жан-жақты, сөздері нақты, айқын, айтуға да қолайлы. Курс аясында тыңдаушылар сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, сөздерді дұрыс айтуға және тілдің ерекшеліктерін тыңдау арқылы қабылдауға үйренеді.

Сабақтарды ф.ғ.д., ЕҰУ профессоры  Бекжан Әбдуәлиұлы жүргізеді. Курсқа 17 адам қатысып, курс соңында тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификаттар тапсырылады.