Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарын кәсіби қайта даярлау

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттың университетінің Кәсіби және үздіксіз білім беру институтының ұйымдастыруымен 20.04-23.06.2023 аралығында «Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарын кәсіби қайта даярлау» курсы онлайн форматта өткізілді. 4 модульден тұратын 108 сағатқа арналған курсқа Астана және Атырау қалаларының тәрбиеші педагогтары қатысты.

Оқу үдерісін ұйымдастыруда дәрістер және тәжірибелік жұмыстар да онлайн түрінде өткізілді. Әрбір дәріс материалдары электрондық нұсқада берілді. Тәжірибелік жұмыстарда таратпа материалдар ұсынылды. Курс барысында шолу дәрістер, диалог-дәрістер, семинарлар, мультимедиялық презентациялар, бейне жазбалар, виибинарлар, телекөпір, пікір талас, тәжірибе бөлісу, шеберлік сабақтары, тыңдаушылардың бақылау жұмыстары, дөңгелек үстел, кейс технологиясы пайдаланылды.

Курс тыңдаушыларына мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесіндегі жаңаша өзгерістерді талдау жасап, нақты бағыт — бағдар алды:

  • нормативтік құқықтық құжаттардағы өзгерістер мен перспективтік жоспар, циклограмма жазуды жетілдіру жолдары көрсетілді;
  • мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды тәжірибеге енгізу және ұйымдастырылған іс әрекеті ойын арқылы өткізудің тиімді жолдары қарастырылып бейне жазбалар арқылы үлгілер көрсетілді;
  • тәрбиеші-педагогтердің зерттеу мәдениетін қалыптастыру, аттестацияға дайындық, озық іс-тәжірибе насихаттау үлгілері баяндалды;
  • оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау, нәтижелерді талдау арқылы педагогикалық іс-әрекетті жобалау мәселелері қарастырылды;
  • іс тәжірибені негіздеу, оқу әдістемелік көмекші құралдар дайындау, мақала жазу, эссе жазу, авторлық бағдарлама және оқу әдістемелік көмекші құралдар дайындаудың құрылымы мен мазмұны ұсынылды;
  • «Астана-Атырау» телекөпір форматында жаңаша бағыттағы тәжірибе алмасулар, бейне баяндармен тікелей эфирде байланыс педагогтар үшін өте тиімді болды;
  • курсты қорытындылау мақсатында кейс жасап, портфолио жинақтады, әр күнде «Үш сұрақ», «Идеялар себеті», «ПОПС формуласы», «Шынымды айтсам…» т.б. формада қорытындыланды және эссе жазу арқылы өз ойларын түйіндеді.

— курстан кейінгі байланыста қалалық, аймақтық, республикалық мектепке дейінгі ұйымдары педагогтерінің желілік әдістемелік бірлестігі болады;

Осы уақыт аралығында мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша көптеген жаңа ақпараттар мен бөлісіп, өмірлік азық, сарқылмас білім берген тәлімгеріміз Фатима Ниязбекқызына, курсты  ұйымдастырушы университет әкімшілігіне, институт директоры Әсем Серікқызына, Рауза Байдрахманқызына, Динараға тыңдаушылар шексіз ризашылығымыз бен ерекше алғысымызды білдіреміз деп өз ойларын айтып өтті.

 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университенің

Профессоры, п.ғ.к, Жумабекова Ф.Н.