Курс «Күміс университет» Этнология

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Үздіксіз білім беру институты Тарих факультетімен бірлесе отырып 2023 жылдың 1 ақпан – 05 сәуір аралығында  «Күміс университет» жобасы аясында тыңдаушыларға «Этнологиның іргелі мәселелері» курсын өткізді.

Ұстаз Злиха  Ибадуллаева «Күміс университеті» аясындағы «талғампаз дәуір» тыңдаушыларына этнология ғылымының қалыптасуы мен дамуын және қазақ этнологиясындағы қызықты тақырыптарды, атап айтқанда қазақ халқындағы отбасы мен неке түрлері, қазақ халқындағы бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрлер: өткені мен бүгіні жайындағы қызықты мәліметтермен бөлісті.

Сондай-ақ «Сүйек» ұғымы және оның этнографиялық мәні» тақырыбы тыңдаушылардың қызығушылығын арттырды. Курс барысында «табақ тарту», «дәстүрлі шаруашылық», «этноәлеуметтік құрылым» мәселелерінің күнделікті өмір тұрмысындағы практикалық мәнге ие болған дәстүрлер мен рәсімдердің өткені және бүгінгі күндегі өзгерісі сияқты этнологиялық тақырыптар кеңінен қозғалып, курс тыңдаушылары тарапынан пікірталас тудырды.

Курс «Күміс университет» тыңдаушыларына этнологияның өзекті мәселелерімен танысуға мүмкіндік берді.

 

Үздіксіз білім беру институты.