ЖЕКЕ МЕНШІК МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университенің

профессоры, п.ғ.к, Жумабекова Ф.Н.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы
№ 137 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін» іске асыруда мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың білім беру қызметтерінің сапасын, даму жағдайларын жақсарту және кәсіби біліктілік деңгейін арттыру бойынша ұсынымдар әзірленіп, нормативтік құқықтық актілерге, дамыту, тәрбиелеу және оқыту процестері тәсілдеріне өзгерістер енгізілді.

Қазіргі әлемде білімге деген көзқарас балалар өмір сүріп, өсіп жатқан, жылдам өзгеріп отыратын болмыспен бірге өзгеруде. Білімді баланың туылған сәтінен бастап өмір бойы жалғасатын процесс ретінде қарау білім беру процесін ұйымдастырудың икемді стандарттары қабылданды. Балалар көп уақытын білім беру ұйымдарында өткізеді, бұл балалардың мәдени және әлеуметтік ортаға үйлесімді бейімделуіне, дамытушы, инклюзивті, әділ ортада балалық шағын өткізуі үшін тиісті жағдайлар жасаудың маңыздылығын түсінуге әкеледі.Бұл мемлекеттік балабақшалардан бөлек жеке меншік балабақшалардың санының күрт көбеюіне ықпал етті және олардың білім берудегі сапасын артыруға басымдық беру қажеттілігі туындап отыр.

Жалпы жеке меншік балабақшалардың бүгінгі күндегі өзекті мәселелері: қаржыландыру, мамандардың тапшылығы, балабақшалардағы педагогтермен жүргізілетін әдістемелік жұмыстардың ұйымдастырылуы, кәсіби деңгейді көтеру, лицензиялауды қайтару, жұмыс жағдайлары мен сапасын тексеріп, барлық балабақшаны аттестациядан өткізу. Балабақшаларға мемлекеттік тапсырыстарды орналастыруға қойылатын талаптарды күшейту. Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін арттыру. Колледждер мен ЖОО-ларда мамандарды даярлау сапасын арттыру. Мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі бойынша бағдарламалардың мазмұнын жаңартудың әдістемелік бағыттарын жетілдіру және мамандардың тапшылығы және жұмыс жасап жүрген педагогтарды қайта даярлау мәселелері бүгінгі күнде өз шешімін таппай отыр.

Үкімет көңіл бөліп отырған маңызды мәселені шешу мақсатында  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттың университетінің Кәсіби және үздіксіз білім беру мектебінің ұйымдастыруымен 20.12.2022- 02.25.2023 ж аралығында «Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарын кәсіби қайта даярлау» курсы онлайн түрінде өткізілді. Курсқа Атырау қаласынан «Зейнеп-Амина» жеке меншік балабақшалары желілерінен 24 тәрбиеші педагогтар қатысты.

Бүгінгі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда қызмет жасап жатқан тәрбиешілер басқа пән мұғалімдері (бастауыш сынып мұғалімдері, қазақ тілі, әдебиет, математика, физика, тарих т.б.) болғандықтан мектепке дейінгі жас ерекшелігін және жаңа форматтағы әдістемесін жетілдіру мақсатында оларды қайта даярлау курсынан өткізу  қажет. Бұл курста педагогикалық ұжымның қазіргі кезеңдегі кездесіп отырған кедергілерді жою, заттық дамытушы ортаны жабдықтау және балалар іс-әрекетін ойын түрінде ұйымдастырудың тиімді жолдарын үйренеді. Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі елеулі, тың өзгерістерге  бейімделу және тәрбиеші педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамытуға ықпал етеді.

Оқу үдерісін ұйымдастыруда педагогикалық кадрларды қайта даярлау курсында дәрістер онлайн, тәжірибелік жұмыстар өздік жұмыс түрінде тапсырмалар беріліп, кері байланыста оған талдау жасалып жүргізілді. Әрбір дәріс материалдары электрондық нұсқада берілді. Тәжірибелік жұмыстарда таратпа материалдар ұсынылды. Курсқа мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеші педагогтары мен әдіскерлері (арнайы білімі жоқ педагогтар) қатысып, қазіргі кезеңдегі жаңаша өзгерістер туралы толық ақпараттар алды. Курс барысында шолу дәрістер, диалог-дәрістер, семинарлар, мультимедиялық презентациялар, тренингтер, коучинг, пікір талас, тәжірибе бөлісу, тыңдаушылардың бақылау жұмыстары, дөңгелек үстел, кейс технологиясы пайдаланылды.

Бүгінгі таңда  тәрбиеші-педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруде жаңаша өзгерістерге сәйкес қайта даярлауда балабақшаның оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімді жолдарымен таныстырылды. Мектеп жасына дейінгі балаларды заманауи жағдайларда оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану арқылы мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының кәсіби құзыреттілігін арттыруға басымдық берілді.

Курс тыңдаушыларына мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесіндегі жаңаша өзгерістер таныстырылды. Нормативтік құқықтық құжаттардың нақты өзгерістері және тәрбиешілердің оны басшылыққа алып жұмыс жасауына бағыт берілді. Мектепке дейінгі баланың даму ерекшеліктері, педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамыту жолдары. Мектепке дейінгі ұйым педагогінің коммуникативті дағдылары, қарым-қатынас мәдениеті, іс- әрекетті жоспарлау. Мектепке дейінгі ұйым педагогінің жобалау шеберлігі. «Нүктелі даму» пилоттық жобасы жұмысын ұйымдастыруда №95 «Алматы» балабақшасы Педагогика кафедрасының зертханасы болғандықтан тәжірибелік жұмыстарды тыңдаушылары өз  ойларын ортаға салды және осы мамандықтың 2 курс студенттері де қатысып жаңалықтармен танысты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін жүзеге асыру негізінде педагогтің өзін-өзі дамытуына басымдық беру жолдары тәжірибеде дәйекті дәлелденді.

  Мектепке дейінгі тәрбиенің көкейкесті мәселелері, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерін кәсіби қайта даярлауда кәсіби даму ұғымы. Мектепке дейінгі білім беруге заманауи көзқарас. Педагогтің кәсіби қызметтегі этикасы, имиджі мен тәрбиешінің жеке басына қойылатын талаптарға жан-жақты талдау жасалды. Перспективтік жоспар, циклограмма жазудың жаңаша бағыттары мен интерактивті формалары мен әдістері қарастырылып, тыңдаушылар өз тәжірибелерінде жүзеге асырып, байқау жасап көрді. Тәрбиеші педагогтердің заттық-кеңістіктік дамытушы ортадағы баланың іс-әрекеттерін (ойындық, шығармашылық, коммуникативті, еңбек) ұйымдастырудағы педагогтің рөлі. Баланың іс-әрекеттерін талдау. Жеке, жұппен, шағын топпен іс-әрекетке бағыттау, әрекет түрлерін таңдау мүмкіндігі. Іс-әрекеттерде серіктес таңдауы да маңызды мәселе екеніне көз жеткіздік.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы өзгерістер және оның сапасын қамтамасыз етуде балабақшадағы коллабартивтік ортадағы креативтілікті, коммуникативті қарым-қатнас жасау дағдыларын дамытуға көңіл бөлінді. Мектепке дейінгі топтарға заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыруды бейне жазбалар, слайдтар арқылы және балабақша тәжірибесінен көрді. Баланың іс-әрекеттері ұйымдастырудағы педагогтің рөлі мен  балабақшадағы ойын іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары. Ойын арқылы балалар іс-әрекетін ұйымдастырудың ерекшеліктері, оңаша ойнау ортасы. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын ойын іс-әрекетінде пайдаланудың тиімді әдістері. Тәрбиеші-педагогтердің зерттеу мәдениетін қалыптастыру. Балабақша базасында тәжірибелік іс-әрекеттер ұйымдастыру. Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық технологиялардың түрлері және оны тәжірибеге енгізу жолдары көрсетілді. Тәрбиеші-педагогтердің зерттеу мәдениетін қалыптастыру. Мектепке дейінгі ұйымның күнделікті жұмысындағы педагогтің ғылыми-зерттеу әрекеті. Зерттеу нәтижесі бойынша баланың жеке даму картасын толтыру. Балабақша базасында өздері іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы ойларын ортаға салып, жан-жақты талдау жасап, тәжірибеде пайдалану мүмкіндіктерін қарастырды.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналармен тәрбие жұмысы, ата-аналар мектебі. Ата-аналарға кеңес берудің заманауи үлгісі. Тәрбиеші педагог пен балалар, ата-аналар, әріптестер арасындағы қарым-қатынас. Мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналармен тәрбие жұмысы, ата-аналар комитеті, ата-аналар мектебін қалыптастыру жолдары. Ата-аналарға кеңес берудің тиімді жолдары түсіндірілді. Балаларды әлеуметтендіру, балалардың әлеуметтенуіне жағдай жасау, балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғау мәселесінде тәжірибе бөлісті.

Кәсіби біліктілікті арттыру және құзіреттілікті дамытуда тәрбиеші педагогтарды аттестациядан өтуге қойлатын талаптар. Біліктілік тестке дайындық. Озық іс-тәжірибе насихаттау жолдары. Іс тәжірибені негіздеу үлгісі. Оқу әдістемелік көмекші құралдар дайындау. Мақала жазу. Эссе жазу. Оқу-әдістемелік қызмет, оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау. Нәтижелерді талдау арқылы педагогикалық іс-әрекетті жобалау мәселелері ұсынылды. Авторлық бағдарлама және оқу әдістемелік көмекші құралдар дайындаудың құрылымы мен мазмұны. Қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда балалардың шығармашылығын дамытуға басымдық берілді.

      Балабақшадағы ойын іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары, қазақ этнопедагогикасы материалдарын әлі қолданып көрмеген: қаламақтар, тәжікелесу, қызықтамалар, сұрамақтар т.б. оқу іс-әрекетінде пайдаланудың тиімді әдістері көретілді. Мектепке дейінгі ұйымдарда медиа-ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру. Тыңдаушылардың тәжірибесімен бөлісу, балабақшалардағы вариативтік оқу жоспарларымен танысу. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беруді мониторинг жасау жолдары. Диагностикалық, түзету жұмыстары түсіндірілді. Мектепке дейінгі ұйым педагогінің портфолиосын дайындауға нақты бағыт берілді. Өздік  жұмыс барысында тыңдаушылар мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекеттерін жоспарлауды, іс-әрекет түрлерін ұйымдастыруды және талдауды қамтитын жеке тапсырмаларды орындады.

Курсты қорытындылау мақсатында пікір алысу, тәжірибе алмасуда ой  қорыту, қандай идеялар маңызды болды, өзіне қандай пайдалы тәжірибе жинақтады. Курс мазмұны бойынша портфолио жинақтады. Курстан не үйренгені туралы эссе жазу арқылы өз ойларын түйіндеді. Әр күнде «Үш сұрақ», «Шынымды айтсам…» т.б. формада қорытындыланды.

Тыңдаушылар пікіріне зер салатын болсақ: әр күнгі дәрістен кейін таратпа материалдар пошта арқылы жіберілді. Біз үшін «Мектепке дейінгі педагогика» және «Мектепке дейінгі психология», «Өнер көзі халықта», «Қағазбен жұмыс», «Қазақ этнопедагогикасы-тәрбие бастауы» оқулық пен оқу құралдарының электрондық нұсқаларының ұсынылуы теориялық білімді тереңдетуде өте құнды еңбектер болды. Курс барысында өте көп тың ақпараттар алдық, ең қызықты болған тақырыптар: «жаңа тың өзгерістердің мазмұны, мақсаты, әдістері мен формаларын тәжірибеде пайдаланудың тиімді жолдары», «мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологиялардың түрлері және оны тәжірибеге енгізу», 35-дан астам жаңа инновациялық технологиялардың түрлерімен танысып, жүзеге асыру жолдарын қарастырдық, заттық дамытушылық ортаны жабдықтау, іс-әрекет түрлерін ұйымдастырудың жаңаша формасы, «аттестацияға дайындық», «әдістемелік әзірлемелер дайындау» мәселелері жан-жақты қарастырылды. Курстың барысында тәрбиешілердің бала бойындағы шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын, логикалық және сын тұрғысын ойлауын дамытатын технологиялар мен әдістемелерді игеруі, оқыту үдерісін жоспарлау, балалардың оқу жетістіктерін жүйелі тиімді бағалау дағдыларын жетілдіруге ден қойдық. Осы оқу курсына мазасыздықпен келген алғашқы күнімізден бастап өзінің сұра-жауаппен басталуы қобалжуымызды сейілтіп, тобымызда үлкен достық пен жайма – шуақ психологиялық ахуал қалыптастырды. Бұл бәріміздің кез келген қиындықтарды бірлесіп еңсеруімізге, өзімізге сенімділікпен қарауымызға оң ықпалын тигізді. Дәріскердің әр сабақты жағымды әрекеттерден бастауының нәтижелілігіне күнделікті байқай отырып, әр жұмыс күніміздің сәтті өтуі де тек өз жұмыс орнымызда ынтымақтастық атмосферасын қалай орната білгеніне байланысты екенін түсіндім Курс бойынша алған ақпараттарымызды өз  тәжірибемізде  қолданып, жаңашылдықпен өзгерістерге сәйкес қолдануға бағыт алдық деп толықтай айта аламыз – деп ой түйіндейді тыңдаушылар қауымы.

Курсты аяқтағаннан кейін тыңдаушылармен байланыс жасау ұсынылды:

— балабақша ұжымына арнайы семинар өткізіп, тәжірибе  бөлісесіздер;

—  өз жас топтарыңызда мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің сапасын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасайсыздар;

— тәрбиелеу мен білім беруде кәсіби құзыреттіліктеріңізді дамытып,  мектепке дейінгі ұйымда балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру дағдыларын қалыптастырасыздар және өз іс-әрекетіңізде дәлелдейсіздер;

— мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың міндеттерін шешу үшін қалыптасқан құзыреттілікті қолдануға дайындығыңызды көрсетесіздер.

Курстан кейінгі әдістемелік қолдау көрсету:

Біліктілікті арттыру курсынан алған білімдері мен дағдыларын білім беру ұйымдарында педагогикалық тәжірибеде қолдануда педагогтерге әдістемелік  бағытта жеке және ұжымдық кеңес беріледі, қолдау көрсетіледі.

Курстан кейінгі әдістемелік қолдау университетінің профессор, оқытушылар құрамының курстан кейінгі кезеңде педагогке атаулы ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсетуіне бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар, іс-шаралар өткізіледі.

Курстан кейінгі қолдаудың формалары мен әдістері:

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға байланысты барлық өзгерістер туралы педагогтарды әдістемелік қолдау және уақтылы хабардар ету үшін:

— әр түрлі байланыс құралдары: электрондық пошта, әлеуметтік медиа мессенджерлері (Facebook, WhatsApp), Google қызметтері (Duo, Hangouts) ;

— қалалық, аймақтық, республикалық мектепке дейінгі ұйымдары педагогтерінің желілік әдістемелік бірлестігі.

  1. Курстан кейінгі қолдау ресурстық қамтамасыз ету үшін:

— курс тақырыбы бойынша электрондық материалдар (әдістемелік құралдар, тірек материалдар, интернет-дереккөздердің сілтемелері және т. б.)

— педагогикалық басылымдарға мақалалар жарияланады;

  1. Кәсіби даму траекториясын іске асыру үшін:

— мектепке дейінгі ұйымдарға сұраныстары бойынша кеңес, шығармашылық дәрістер ұйымдастырылады;

— авторлық, үлестік, вариативтік бағдарламалар дайындауға бағыт беріледі, пікір жазылады;

— мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шығармашылық ойындардың электрондық картотекасын әзірлеп тәжірибе алмасады (білім беру саласы, таңдауға болатын жас тобы);

— мектепке дейінгі топтың, ұйымның пәндік-кеңістіктік дамыту ортасының сапасын бағалауға қатысу және пікір алысу, бейне жазбалар дайындалады. Бұл мамандардың кәсіби даму деңгейін көтеруге ықпал етеді.

Осы орайда, өзінің терең білімімен қатар іскерлігімен, жан-жақты ізденісімен бізге өз бетімізше білім алуымызға толық жағдай жасап, ынтымақтастық орта құра білді. Көптеген жаңа ақпараттар мен бөлісіп, өмірлік азық, сарқылмас білім берген тәлімгеріміз Фатима Ниязбекқызына, курсты  ұйымдастырушы университет әкімшілігіне, институт директоры Әсем Серікқызына, Рауза Байдрахманқызына шексіз ризашылығымыз бен ерекше алғысымызды білдіреміз.

 

№95 Алматы балабақшасында тыңдаушылар мен студенттер

іс-әрекет түрлері және заттық дамытушы ортамен таныстырылды

Балалар іс-әрекетін ұйымдастыру басты назарда

Балалар іс-әрекетінен бейне жазбалар түсіріліп тыңдаушыларға талдауға ұсынылды