КӘСІБІИ БІЛІКТІЛІК — ЗАМАН ТАЛАБЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру ұлттық жобасында:  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету, баланың дамуы мен әл-ауқатына ықпал ету, қазіргі жағдайда мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын танымдық дағдыларын қалыптастыру үшін педагог оқытудың жаңа әдістерін меңгеруі қажет»-деп атап көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 137 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделінде — педагог өзі таңдаған қызметінде өз білімін көтеріп, нені, қалай және не үшін үйренетінін алдын-ала айқындап, білікті маман болуға бағытталуы қажеттігіне басымдық берілген.

Бұл мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарын қайта даярлаудың кезек күттірмейтін көкейкесті мәселелерінің бірі екендігін айғақтайды. Қазіргі кезеңде туындап отырған бірқатар қарама-қайшылықтар: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында арнаулы мамандар мен тәжірибелі педагогтардың жеткіліксіздігі; оқу-әдістемелік жұмыстардың жүйелі түрде жүргізілмеуі; жаңадан дайындалған бағдарламалар мен оқу әдістемелік кешендермен жұмыс жасауға нақты бағыт-бағдар берілмегендігі; педагогикалық мамандар мәселесінің тұрақсыздығы; жас мамандармен, педагогтармен жұмыстың жеткілікті деңгейде ұйымдастырылмауы; арнайы салаға қатысты біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарының өте сирек өткізілетіндігі мен мамандардың арнайы білімдерінің болмауы қайта даярлау курстарын өткізудің өте қажет екендігін дәлелдейді.

Осыған орай Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында ағымдағы жылдың сәуір-маусым айларында Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері үшін 108 академиялық сағат көлемінде өткізілген кәсіби қайта даярлау авторлық курсына әдіскерлер мен 30 тәрбиеші қатысты.

Курс барысында тәрбиеші педагогтардың кәсіби дамуын – үнемі жетілдіріп отыру, өз іс-әрекетін жүйелі түрде бекіту, жаңаша педагогикалық бағытта ойлауды қалыптастыру және білімдерін кеңейту, тұлғалық сапалардың дамуына, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгерудегі қажеттілікті сезіне отырып өзінің барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқара білуге ықпал ету көзделді.

Курс мазмұнында мамандармен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттардағы өзгерістер және онымен жұмыс жасаудың тиімді жолдары қарастырылды. Атап айтқанда: Мемлекеттік стандарт, Нұсқаулық хат және типтік оқу жоспарын тәжірибеде пайдалану. Әлемде мектепке дейінгі білім беру саласындағы инновациялар мен мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуді дамыту моделіне талдау жасалды. Қазақстанның мектепке дейінгі білім беру жүйесіне қандай өзгерістер қажет? «Кәсіби біліктілікті жетілдірудегі сіздің ізденісіңіз» т.б. деген сауал төңірегінде ой толғау, пікір талас өткізілді.

Психологиялық-педагогикалық модульде жаңа заман тәрбиешісінің педагогикалық мәдениеті. Тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін жетілдіру жолдары. Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиелеу мен оқытудың сапасын қамтамасыз ету. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың жаңаша бағыттары. Отбасылық құндылықтарды сақтау мәселелері қамтылды.  Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің өзара әрекеттестігі коллабарация: кедергілерді жою, кәсіби дағдыларды дамыту көзделді теориялық ақпараттар мен қоса тәжірибелік тұрғыда пікір алмасты.

Мазмұндық және технологиялық модуль бойынша «Денсаулық», «Қатынас» «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» білім беру салалары бойынша оқу қызметінде ойынды пайдалану жолдары. Балабақшада ойын іс-әрекетін жүргізу әдістері: педагогтің жетекшілігімен жүргізілетін ойын; құрылымдалған ойын;  еркін ойындардан өткізілген тренингтің тыңдаушылар үшін тиімді болды. Оларға ұсынылған ойындардың алуан түрлерін пайдаланып балалармен өткізудің қыр-сырына қанықты, әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастырудың жолдарын үйренді.

Тыңдаушылар үшін бейнелеу іс-әрекетінде дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді пайдалануға арналған «Шеберлік шыңдау – өнері!» тақырыбындағы шеберлік сағатында тәлімгермен бірге сурет салудың алуан түрлері, қағазбен жұмыс жасаудың әдістері, мүсіндеу өнерін меңгеруді жолдарын бірге отырып жасаудың әрі қызықты әрі кәсіби дағды қалыптастырудағы маңызы зор болды.

Сондай ақ,-№93 Айгөлек балабақшасы базасында төрт топтан өткізілген ашық сабақтар тыңдаушыларға, әсіресе еңбек жолын жаңадан бастайтын жас мамандар үшін өте тиімді болды. Оқу қызметін ұйымдастырудың мақсаттарын анықтап, құрылымын нақтылап, түрлі инновациялық технологияларды, әдіс-тәсілдерді  қалай ұтымды қолдануға болатындығына көз жеткізді. Балалар өздерін өте еркін сезінді, ойларын ашық жеткізуге тырысты, тапсырмаларды орындауда, ойын жаттығулар мен қызықты сөзжұмбақтар шешіп, бейне жазбаларды әңгімелеп, сахналық қойылымдар арқылы бейнелеп, суреттер бойынша әңгімелеу мен таратпа материалдармен жұмыс жасауды өте белсенділік танытты.

Сонымен қатар, кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында аттестациядан өту талаптары, ұлттық біліктілік тест тапсыру, озық іс-тәжірибе насихаттауда тақырыпты негіздеу, жұмыс жоспарын құру, реферат жазу арқылы біліктілік санаттарын қорғауға құжаттарды рәсімдеу және әдістемелік көмекші құрал дайындау жолдарының түсіндірілуі педагогтарға өте пайдалы болды деп ойлаймын. Мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану ерекшеліктері, инновациялық технологиялардың түрлері және тәжірибеде пайдалану мүмкіндіктеріне тоқталып, әр педагог таңдауы бойынша өз тәжірибелерінде пайдалануда жоба қорғап слайд бойынша дәлелдеді. Жобалау әдісі және мектепке дейінгі жаста зерттеу іс-әрекетін ұйымдастырудың айырмашылықтарын анықтап оны қолдану аясын кеңейтті.

Мектепке дейінгі ұйымдарда балалармен жұмыс жасау барысында заттық дамытушы орта жабдықтаудың тиімді жолдарымен танысты. Шет елдік және республикалық деңгейдегі озық іс-тәжірибелерден бейне жазбалар арқылы көрсетіліп тәжірибе бөлістік. Әрбір тақырып аясында көрсетілген бейне жазбалардың мазмұны тыңдаушылар үшін тың жаңалықтар болды.

«Рухани жаңғыру – идеясын жүзеге асыру жолдары», «Рухани жаңғыру идеясы мектепке дейінгі жастан», «Жапыадамзаттық құндылықтарға негізделген ізгілік тәрбиесі», «Қазақ этнопедагогикасы материалдарын  оқу іс-әрекетінде пайдаланудың тиімді әдістері», «Мектепке дейінгі жаста ойын іс-әрекетін пайдалану», «Жеті ойыншық», «Ата-аналармен ынтымақтастық орнату», «Медиа ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру», «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің мониторинг жасау жолдары», «Ұлттық құндылыққа негізделген «Өркендеу» инновациялық бағдарламасы» т.б. тақырыптар топтамасы бойынша айтылған теориялық материалдар мен тәжірибелік жұмыстарың құндығы қуатты болды, өткені мамандар ерекше әсер алып, оны жас ұрпаққа жеткізудің әдістемелерімен танысып өздері ойын жаттығу, іскерлік ойындар түрінде өткізіп көрді. Курс барысында ұсынылған мазмұнға сәйкес «Кәсіби біліктілік – заман талабы», «Заманауй педагог келбеті» және өздері таңдаған тақырыптарына мақала, эссе жазу жолдары түсіндіріліп жазып үйренді.

Курс тыңдаушыларымен өткізілген онлайн форматтығы тағылым мол дәрістер, диалог-дәрістер, ой толғаныс, семинарлар, мультимедиялық презентацияларды пайдаланған дәрістер, офлайын форматындағы тәжірибелік жұмыстар, шеберлік сағаттары мен іскерлік ойындар, тренингтер, ашық оқу қызметі, тыңдаушылардың бақылау жұмыстары, дөңгелек үстел, тәжірибе алмасу, практикалық талда, шағын топтағы жұмыстар мен шығармашылық жұмыстар оң нәтиже берді. Оны курс тыңдаушыларының төмендегі пікірлерінен байқауға болады.

«Сіздің әр лекцияңыз мен үшін маңызды әрі пайдалы болды», «Өзіме өте көп мәлімет алдым әрі тәжірибе жинақтадым», «ұйымдастырудың теориялық негіздері мен тәжірибелік мүмкіндіктерінің ықпалды болғаны», «еңбек жолымды жаңа бастаған мен үшін курстан алған әр ақпарат мен үшін құнды болды, болашақта өз тәжірибеме қолданамын», «ұсынылған материалдар біз үшін үлкен жаңалық пен тың ақпараттар болды», «әр күн сайын барлық ақпараттарды слайд, видео материалдар арқылы көрсетіп, түсіндіріп, дәрістерді, әдебиет көздерін жеке электронды поштамызға жіберіп, көптеген оқу әдістемелік еңбектермен таныстырып, әр түрлі формада тапсырмаларды орындауды талап етіп кері байланыс жасалуы тиімді болды» — деп ой түйіндеді тыңдаушылар. Соңында сынақ тапсырып педагогтің алған кәсіби білімдерін, біліктерін, дағдыларының нәтижелерін дәйекті дәлелдей алды.

Сондай-ақ университеттегі Күлтегін тарихи мұражайы мен педагогикалық мұражаймен танысу да тағылымы мол тәрбиелік іс-шарамен жалғасты және Л.Н.Гумилев атындағы мұражайда курсты тәмәмдағандығы туралы арнайы СЕРТИФИКАТ табыс етілуінің өзі ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілікті сезінуді меңзеп тұрғандай болды.

Дәріс оқыған тәлімгеріміз Фатима Ниязбекқызына және университет, институт әкімшілігіне педагогтар қауымы шексіз алғыстарын білдірді.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, п.ғ.к.,Ф.Н.Жумабекова